Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов: естелік адал болуы керек

«Көптеген естеліктерді оқып отырсаң, не өзі, не шығармасы мықты деп жатады. Естелік адал болуы керек. Досың туралы жазғанда, ақиқат, шындықты жазу керек. Зейнолланың қайтыс болғанына 6 жыл болды, менен үш жас кіші болатын. Менде достар көп болды, бірақ, адамға ең қиын нәрсе қатар өмір сүрген, қиындықта да, қасіретте де, қуанышта да өзің жалғыз қалған қиын. Адам бақытты болуы үшін 100 жасау емес, өмір маңызды, мағыналы, сәнді де мәнді болуы үшін достарымен болуы керек» дейді Әбдіжәміл Нұрпейісов. Қазақстанның Халық жазушысының айтуынша, ес білгелі бері дос болған Зейнолла Қабдолов эстет адам. Оның бойында жыраулар, ақындар шығармаларын жатқа айтатын ерекше қасиеті болған. Өмірінің соңына дейін ҚазҰУ-да ұстаздық қызмет жасаған әйгілі әдебиеттанушы ғалымның артында мол мұрасы қалды. Оған өзі оқытып, тәрбиелен шәкірттерін де қосуға болады.