Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Жазушылар одағы хатшылығы мәжілісінің шешімімен 2019 жылдың 5 сәуірі күні бір топ ақын, жазушыларға халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы (2017-2018) берілді. Бұл туралы «Қазақ әдебиеті» газетінің бүгінгі санында хабарланды.
Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығы (2017-2018) төмендегі қаламгерлерге берілген:
2017 жылдың иегерлері
Ғұсман Жандыбаевқа "Арман ауыл" өлеңдер жинағына;
Нұрдәулет Ақышқа "Рақымсыз көктем" әңгімелер жинағына;
Сайлаубай Жұбатырұлына "Абыржы" 3 томдық шығармалар жинағына;
Қайсар Әлімге "Міржақыптың оралуы, Возвращение Миржакипа" хикаят сапарнамасына;
Шәмшиябану Хамзаға II томдық шығармалар жинағына;
Мира Шүйіншалиеваға "Ар азабы" пьесалар, хикая мен әңгімелер жинағы үшін;
Дәулеткерей Кәпұлына "Терісбұрау" өлеңдер жинағына;
Мырзан Кенжебайға "Өттің дүние" өлеңдер жинағына;
Сайлаубай Тойлыбаевқа "Сарноқай саздары" жинағына;
2018 жылдың иегерлері:
Нармахан Бегалиевке "Жаз - жалбыз" өлеңдер жинағына;
Байбота Қошым-Ноғайға "Жұмақ нұры" өлеңдер жинағы;
Зейнолла Тілеужановқа «От адам» өлеңдер жинағына;
Нұржан Қуантайұлының «Асыл сөз» роман және әңгімелер жинағына;
Дәурен Қуатқа "Бөрісоқпақ" әңгімелер жинағына;
Өмірзақ Қажымғалиевке "Жаңғырық" трилогиясы үшін;
Мінуар Әкімхановқа "Көңілге тұнған көп сурет" өлеңдер жинағына;
Патигүл Мақсатоваға Патям "Хар пәсилнин гузаллиги бар" өлеңдер жинағына;
Әмина Құрманғлиқызына "Әулет пен нәубет" шығармалар жинағына;
Серікбай Оспановқа "Алқоңыр" өлеңдер жинағына берілді.
Айта кетейік, Қазақстан Жазушылар Одағының халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы 1992 жылдан бастап беріліп келеді.