17:11, 01 Қазан 2010 | GMT +5
"Халықаралық Алматы әуежайы" Қарттар күніне арналған қайырымдылық шарасын ұйымдастырды
АЛМАТЫ. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/- Бүгін Алматыда халықаралық әуежайдың мәдениет үйінде Қарттар күніне арналған қайырымдылық акция болып өтті.
"Халықаралық Алматы әуежайы" АҚ өз ардагерлерін мерекемен құттықтап, құрмет көрсетіп, арнайы дайындаған сыйлықтарын тарту етті.
"Халықаралық Алматы әуежайы" АҚ президентінің кеңесшісі Талғат Лайықовтың айтуынша, әуежай басшылығы аға буынға ерекше құрметпен қарайды. "Олардың әрқайсысы Қазақстанның Азаматтық авиациясына баға жетпес үлес қосты. Сондықтан біз құрмет көрсетуді борышымыз деп санаймыз", деді ол.
Оның айтуынша, мұндай шара дәстүрге айналмақ.