Халықаралық Аралды құтқару қорына - 20 жыл

АЛМАТЫ. 26 наурыз. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары құрған Халықаралық Аралды құтқару қорына (ХАҚҚ) бүгін 20 жыл толып отыр, деп хабарлайды ХАҚҚ баспасөз қызметі.
None
None

1993 жылдың 26 наурызында Қызылордада өткен саммитте Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары Арал теңізі және Арал жағалауы мәселелерін шешу, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және оңалту бойынша біріккен әрекеттер туралы келісімді қабылдады. ХАҚҚ басты мақсаты - бірлескен әрекеттерді, Арал теңізі бассейнін экологиялық оңалту және аймақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша бағдарламалық жобаларды халықаралық қауымдастық көмегімен қаржыландыру.

ХАҚҚ Арал дағдарысының зардаптарынан арылу бойынша үйлестіруші рөлін ойнайды. БҰҰ Даму бағдарламасы, БҰҰ Экологиялық бағдарламасы, ЮНЕСКО, Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, ТАСИС, сонымен бірге Германия, Дания, Израиль, Канада, Нидерланды, АҚШ, Швейцария, Швеция және басқа донор елдер үкіметтерінің белсенді қатысуымен ХАҚҚ аймақта әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешу бойынша бағдарламалар мен жобаларды іске асырады.

Арал жағалауының қазақстандық бөлігінде «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу» ірі көлемді ұлттық жобасы жүзеге асырылды, жұмыстардың құны - 85,8 млн. АҚШ доллары.

Соңғы жаңалықтар