Халықаралық арбитраж орталығы инвесторлар үшін жаңа қызметті іске қосты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 4 шілдеде АХҚО Халықаралық арбитраж орталығы (ХАО) Төрелік-Медиация немесе «Арб-Мед» атты жаңа қызметті іске қосты. Арб-Мед аясында дау төреліктің қарауына жіберіледі. Егер тараптар дауды төрелікте шеше алмаса, онда аталған мәселені медиация жүргізу жолымен шешуді талап ете алады.

Ресми жиынның ашылуында сөз сөйлеген ХАО және АҚХО Соты аппаратының Басшысы және Тіркеушісі Кристофер Кэмпбелл-Холт мырза ағылшын сотының негізінде жұмыс жасайтын орталықтың ашылуы қазақстандық қана емес, сондай-ақ әлемдік инвесторлар үшін де аса маңызды деді.

- Біз бүгін халықаралық арбитраж орталығында «Арбитраж және медиация» деп аталатын жаңа инновациялық қызметімізді іске қосу үшін жиналдық. Өткен жылы ХТО Төрағасы Барбара Доманмен бірге Азияның бірнеше елін араладық, сол уақытта даму жағынан сіздердің елдің қарқыны бізді таңғалдырды. Қазақстанда Еуразия мен барша әлем үшін ерекше болатын орталықты дамытқымыз келеді. Сол себепті бүгінгі ашылғалы отырған жаңа жүйе шынымен инновациялы болып, ең соңғы техникалық мүмкіндіктерді иеленеді деп санаймыз,-деді ол.

Сонымен қоса, Төраға ХАО мақсаты - Еуразияда дауларды баламалы жолмен шешуде көшбасшы атану екенін мәлімдеді.

«ХАО мақсаты - Еуразияда дауларды баламалы жолмен шешу үшін нөмірі «бірінші» таңдау болып табылады. Арб-Мед - біздің ең жаңа бастамамыз, біз оны бүгінгі таңда қуана отырып іске қосамыз. Біз сондай-ақ ХАО-да тараптардың дауларды мүмкіндігінше жылдамырақ және тиімдірек шешуін қамтамасыз ету үшін, Қазақстанда үздік халықаралық медиация стандарттарын ұсыну біліктілігі бар медиаторлар қоғамдастығын дамытамыз», - деді Кристофер Кэмпбелл-Холт.

Аталған көрсетілімге төрелік етуге Италиядан Др. Стефан Григолли, Германиядан Томас Крюмель арнайы келген. Ал АХҚО сотының судьясы сэр Робин Джэйкоб медиатор рөлін атқарды. Қазақстан заң қоғамдастығының төрт бірдей жетекші заңгері төрешілер мен медиаторларға өз дәлелдерін ұсынды.

«Бірінші кезекте, бүгінгі көрсетілім өзгелерден бөлек екеніне назар аудару керек. Мұнда жұмыс істейтін арбитрлар мен медиаторларды біздің қазақстандық арбитраж мекемелеріндегі мамандармен салыстыра алмаймыз, себебі, олар әлемдік деңгейдегі мамандар. Кәсіби біліктіліктері мен жұмыс тәжірбелерінің өзі біртөбе. Оның үстіне арбитраж-медиациясын ағылшын заңының ережесі бойынша, ағылшын тілінде өткізу даулы істерді халықаралық құқық деңгейінде өткізіп үйренген шетелдік инвесторларды тарту үшін таптырмас мүмкіндік. Біздің орталықты дамытуға үлес қосып жатқан барлық судьялар мен арбитрлар әлемдік деңгейдегі тәжірбиелі мамандар. Болашақта біздің кәсіби біліктілігі жоғары мамандарымыздың саны ұлғаятынына сенімдімін. Қазақстанда тұратынымызды ескерсек, кейбір даулы мәселелер қазақстандық құқық негізінде қаралуы мүмкін. Сондықтан қазақстандық тараптың құқық қорғайтын мамандар болашақта арбитрлар құрамында болады деп үміттенемін»,-деді Алматы қалалық адвокаттар коллегиясының адвокаты Сергей Ватаев.

Төрелік-медиация қызметі және үдерістің жанды таныстырылымы Еуразия аумағындағы халықаралық төрелік орталығында алғаш рет өткізілуде. Басқа төрелік орталықтарда ұсынылатын Арб-мед қызметтерінен айырмашылығы - ХАО-да медиация жолымен дауды шешу үшін тағайындалған медиатор, сондай-ақ, төрелік іс қарау шеңберіндегі дауды қарайтын төреші ретінде әрекет етпейді. Медиатор төрешілерден тәуелсіз тұлға және бейтарап делдал болып табылады. ХАО Арб-Мед қызметінің ұсынылуы коммерциялық дауларды аса тиімді және экономикадан тыс әдіспен шешу бойынша ХАО мүмкіндігін одан ары нығайтады деп күтілуде.

«Біз 36 қазақстандық үшін тренинг өткіздік. Олар халықаралық медиатор біліктілігін алу үшін медиация курсын өтті. Оларды оқыту үшін Лондонда орналасқан дауларды эффектілі шешу Орталығының тренерлерін Нұр-Сұлтан мен Алматыға арнайы шақырамыз», - деді АХҚО сот аппаратының төрағасы.

Айта кетерлігі, ХАБ-та кез келген қазақстандық заңгер медиатор бола алады. Ол үшін медиацияның тегін курсын өту немесе орталық аппаратына түйіндеме жіберу қажет. Медиация жолы арқылы коммерциялық дауды шешуде халықаралық тәжірбиеңіз болса, жаңа орталықта медиаторлар коллегиясының мүшесі болуға мүмкіндік бар.

Қазіргі таңда ХАО-да 36 қазақстандық оқудан өтті, олар медиация жүргізу бойынша оқыту бағдарламаларының үздік жеткізушісі саналатын Лондондағы Дауларды тиімді шешу жөніндегі орталықпен берілген медиатордың халықаралық акредиттеуі мен біліктілігін иеленеді. Соңғы рет мұндай тренингтер ағымдағы жылдың маусым айында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында өткізілді.

Соңғы жаңалықтар