Халықаралық аренада мұсылмандар мүддесін қорғайтын ұйымдар өте аз

АСТАНА. 3 қаңтар. ҚазАқпарат - Ұлыбританиядағы Кент университетінің дінтану факультетінің жуырда жүргізген зерттеу нәтижесіне қарағанда, Біріккен Ұлттар Ұйымында тіркелген үкіметтік емес ұйымдардың 70 пайызы христиандардың мақсат-мүддесін қорғайды екен.

Халықаралық аренада мұсылмандар мүддесін қорғайтын ұйымдар өте аз

Олардың арасында католиктік ұйымдардың үлес салмағы басым. Бұған қоса, Ватикан әрі мемлекет әрі діни бірлестік ретінде католиктердің аса ірі өкілдігі болып табылады.

Ислам ынтымақтастық ұйымы мұсылмандардың атынан сөйлейтін халықаралық ұйым. Алайда, әлем қауымдастығында мұсылмандардың саяси салмағы басым одан өзге ұйымы жоқ десе де болады.

БҰҰ-да тіркелген үкіметтік емес діни ұйымдардың үлес салмағы үкіметтік емес ұйымдардың жалпы санына шаққанда бар-жоғы 7,29 пайызды ғана құрайды, деп хабарлайды muslim.kz.