Халықаралық әскери ойындарда қазақстандықтар 14 елді басып озды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 тамыз күні Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері алдын ала қорытындысы бойынша халықаралық армиялық ойындарында жалпы топтар арасында үшінші орынды иеленді.
None
None

Бұл туралы ҚР ҚМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық әскери қызметшілерден құралған топ он үш байқаудың небары төрт түрі бойынша ғана сайысқа түсті, атап айтсақ, танк биатлоны, авиадартс, Каспийлік дерби және Каспий кубогы. Дегенмен, қазақстандық әскерилер сайыстың төрт түріне ғана қатысқанына қарамастан, олар өздері сынға түскен байқаулардан ғана емес, 17 мемлекеттен қатысқан 57 топ арасында жалпы топтық есепте көшбастаушы орынды иеленіп отыр.

Бірінші орында тұрған Ресей Федерациясы 13 сайыстың барлығына, ал екінші орындағы - Қытай 12 байқауға қатысуда. Төртінші орында - Беларусь (9 байқауға қатысуда), бесінші - Венесуэлла (4 байқауға қатысуда) командасы.

Бүгін Алабино полигонында біздің танкішілер «Танк биатлоны» байқауының жартылай финалындағы тартысты жалғастыратын болады. Жеке сайысты бастар алдында Қазақстан мен Ресей арасындағы негізгі тартыс басталған болатын. Екі елдің экипаждары бірнеше ұпай айырмашылықтары болғанымен, іс жүзінде бірдей келді. Бүгінгі эстафетада «Танк биатлоны-2015» байқауының ең мықты жалғыз жеңімпаз тобы анықталатын финалына қатысушылар белгілі болмақ.

Соңғы жаңалықтар