Халықаралық әуежайда ел аумағына әшекей бұйымдарды заңсыз алып өтпек болған азаматша ұсталды

АЛМАТЫ. 23 ақпан. ҚазАқпарат - Кеше қалалық Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында 1974 жылы туылған бір азаматшаны ұстады.

Халықаралық әуежайда ел аумағына әшекей бұйымдарды заңсыз алып өтпек болған азаматша ұсталды

Алматы халықаралық әуежайында кедендік бақылаудан өткеннен кейін, «Шарджа - Алматы» әуе рейсін тіркеу барысында қолға түскен күдіктінің жүктерін қайта  тексеру кезінде қол сөмкесінен  кедендік рәсімдеуден  өтпеген 94 дана иіс су, сары металдан жасалған 18 дана білезік, 7 дана сырға, 8 дана шолпы және 4 дана әйелдерге арналған  ашық түсті тастары бар сақиналар,  22 дана әртүсті тастардан әшекейленген доңғал сырға және  1 дана ерлерге арналған қол сағаты табылды. Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда бұл жәйт бойынша тергеуге дейінгі тексеру жұмыстары жүргізілуде.