Халықаралық автомобильмен тасымалдауға рұқсат беру қағидалары өзгерді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда халықаралық автомобильмен тасымалдауға рұқсат беру жүйесін қағидалары өзгертілді. «ҚазАқпарат» ХАА ресми құжаттың толық мәтінін ұсынады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ
БҰЙРЫҒЫ
2017 жылғы 25 шілде No495 Астана қаласы
«Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы
автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін
қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы No353
бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бұйырамын:
1. «Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдарында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар жəне даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы No353 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 11704 болып
тіркелген, 2015 жылғы 5 тамыздағы «Əділет» ақпараттық-құқықтық
жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларында:
3-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. 1992 жылы 26 қыркүйекте жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы халықаралық автомобиль
қатынасы туралы келiсiмге сəйкес отандық тасымалдаушылар Қытай Халық Республикасының аумағына автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде мыналар қажет:
1) жолаушылар (туристерді қоса алғанда) мен багажды автомобильм
ен тұрақты тасымалдауды орындаған кезде, отандық тасымалдаушыға тасымалды жөнелту пунктiнен межелi пунктке дейiн күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен «А» түрiнiң рұқсаты;
2) тура жəне керi бiр рейстi орындауға құқығы бар өткізу пункттері ауданында шекара маңындағы терминалдар арасында жолаушылар (туристерді қоса алғанда) мен багаждың тұрақты емес автомобиль тасымалын орындау кезiнде «В» түрiнiң рұқсаты;
3) тура жəне керi бiр рейстi орындауға құқығы бар өткізу пункттері ауданында шекара маңындағы терминалдар арасында жүктерді автомобиль көлiгiмен та
сымалдау кезiнде «С» түрiнiң рұқсаты;
4) анықталған маршруттар бойынша жүктерді автомобиль көлігімен тура жəне кері бір рейсті орындау құқығымен тасымалдау кезінде «D» түрiнiң рұқсаты.
«А», «В», «С», «D» түрiндегi рұқсаттар ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейiн
қолданылады.»;
8 жəне 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Отандық тасымалдаушылардан жылдық өтінімдер жыл сайын 30 қыркүйекке дейінгі мерзімде қабылданады.
Жылдық өтiнiмде:
1) отандық тасымалдаушының жеке сəйкестендiру нөмiрi немесе бизнес сəйкестендiру нөмiрi жəне атауы;
2) елдер жəне орындалатын тасымалдардың түрлерi бөлiнiсiнде шетелдiк рұқсаттарды ықтимал пайдаланудың саны қамтылады.
9. Алмасу квотасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар жəне даму министрлігінің (бұдан əрi - Министрлік) интернет-ресурсында орналастырылады.»;
13, 14 жəне 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Шетелдiк рұқсаттар аумақтық органдарға бөлуге жатады.
14. Шетелдiк рұқсаттар отандық тасымалдаушылардың арасында, шетелдiк рұқсаттың бланкiлерiн алуға өтiнiмдер түсуiне орай олардың қолданысындағы
жылжымалы құрамынбескере отырып бөлуге жатады.
15. Аумақтық органдармен шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарымен келiсiлген, белгiленген маршруттар мен осы маршруттар бойынша жүру кестесiн
ескере отырып, күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушыларды жəне багажды тұрақты тасымалдуға арналған шетелдiк рұқсаттарды үлестiредi.»;
17-тармақ алып тасталсын;
18 жəне 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Отандық тасымалдаушылардың шетелдiк рұқсаттардың бланкiлерiне қажеттігі
туындаған жағдайда уəкілетті органмен шет мемлекеттiң уəкiлеттi органдарымен хат алмасу арқылы ағымдағы жылға тиiстi шетелдiк рұқсат бланкiлерiмен а
лмасу квотасын келiседi.
19. Отандық тасымалдаушыларға шетелдiк рұқсаттарды ресiмдеудi жəне берудi аумақтық органдар жүзеге асырады.»;
20-тармақ алып тасталсын;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Шетелдiк рұқсаттарды алуға арналған өтiнiмдердi аумақтық органдар өтiнiмдердi алған күннен бастап өтiнiм берушiге хабарлай отырып, екi жұмыс
күні мерзімінде қарайды.»;
23-тармақ алып тасталсын;
24, 25, 26 жəне 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Отандық тасымалдаушы күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушыларды жəне багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарға жылдық өтiнiмдердi берген кезде маршрутта пайдалануға жататын жылжымалы құрамның түрi (класы) жəне мемлекеттiк тiркеу нөмiрлiк белгiлерi туралы мəлiметтердi жiбередi, сондай-ақ мынадай құжаттар қоса берiледi:
1) шетелдiк тасымалдаушымен бiрлескен қызмет туралы шарттың көшiрмесi;
2) көрсетiлген көлiк құралдары жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты
тасымалдаудың басқа маршруттарында iске тартылмауы туралы мəлiмделген автобустармен шағын автобустардың тiркелген жергiлiктi атқарушы органдары
ның жазбаша растауы.
25. Шетелдік рұқсаттарды алуға өтінім отандық тасымалдаушылардың тіркелген орны бойынша аумақтық органда қаралады.
26. Отандық тасымалдаушылар шетелдік рұқсаттамаларды алу үшін өтінімдерді
Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы береді.
Отандық тасымалдаушылар күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушыларды жəне багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды алуға арналған өтiнiмдердi аумақтық органға береді.
Өтінімдерді қарау, сондай-ақ берілетін шетелдік рұқсаттамалар санын есептеу шетелдік рұқсаттамалар бланкілерін таратудың автоматты үйлестіру жүйесін
пайдалана отырып жүзеге асырылады.
27. Отандық тасымалдаушыларға шетелдiк рұқсаттарды беру аумақтық органға «Салық жəне бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2008
жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) (бұдан əрі - Салық кодексі) белгiленген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының
жүрiп өткенi үшiн алым сомасын төлегенi туралы төлем құжаты түскен күнiнен бастап бiр жұмыс күнi мерзімiнде жүзеге асырылады.»;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушыларды жəне багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды қоспағанда, отандық
тасымалдаушы пайдаланған шетелдiк рұқсаттар жол жүру аяқталғаннан кейiн бiр ай iшiнде, ал пайдаланылмағаны - олардың қолданылу мерзiмдерi аяқталған күннен бастап күнтiзбелiк жиырма күннен кешiктiрмей олар берiлген жер бойынша аумақтық органға қайтаруға жатады.
Күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушыларды жəне багажды тұрақты
тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттар олардың қолдану мерзiмдерi аяқталған күннен бастап күнтiзбелiк жиырма күннен кешiктiрмей аумақтық органға қайтаруға жатады.
Отандық тасымалдаушылар шетелдiк рұқсаттарды осы рұқсаттарды қоса бере отырып, қайтару күнi, шетелдiк рұқсаттардың нөмiрi көрсетiлген, еркiн н
ысанда жасалған iлеспелi хатпен қайтарады.
Елдер жəне түрлер бөлінісінде отандық тасымалдаушыдан шетелдік
рұқсаттарды алуға өтінімдерді қарау кезінде, мəлімделген шетелдік рұқсаттар саны
осы Қағидаларда белгіленген мерзімде жоғалған жəне (немесе) қайтарылмаған шетелдік рұқсаттарының санына мөлшерлес азайтылады.»;
31, 32 жəне 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Аумақтық органдар қайтарылған жəне жоғалған шетелдiк рұқсаттардың есебiн елдер бөлiнiсiнде жүргiзедi.
Шетелдiк қайтарылған жəне жоғалған рұқсаттардың есебi көлiктiк деректер қорының ақпараттық талдау жүйесiн жəне тасымалдау қауiпсiздiгi серпiнiн
iң мониторингiнде (бұдан əрi - КДҚ АТЖ) жүзеге асырылады жəне мынадай мəлiметтердi қамтиды:
1) жеке сəйкестендiру нөмiрi немесе бизнес сəйкестендiру нөмiрi;
2) отандық тасымалдаушының атауы;
3) рұқсат түрi;
4) рұқсаттың қолданылу мерзiмi;
5) рұқсаттың қайтарылған күнi.
32. Аумақтық органдар отандық тасымалдаушылардан өтiнiмдер түсуiне қарай КДҚ АТЖ пайдалана отырып, белгiленген мерзiмде қызмет көрсетудi, сондай
-ақ қайтарылған шетелдiк рұқсаттар туралы мəлiметтердi бір жұмыс күні ішінде енгiзудi қамтамасыз етедi.
33. Мынадай жағдайларда отандық тасымалдаушыларға шетелдiк рұқсаттарды беруден бас тартылады:
1) осы Қағидалардың 22 жəне 24-тармақтарында көзделген құжаттардың жəне (немесе) олардағы деректердің (мəліметтердің) анық еместігін анықтаған;
2) ұсынылған материалдардың, деректердің жəне мəліметтердің осы Қағидаларда
белгіленген талаптарға сəйкес келмеген;
3) шетелдiк рұқсаттардың аумақтық органда болмаған.»;
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Отандық рұқсат, оның ішінде бірінші рейстің тасымалы жүзеге асырылған мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағынан кері бағытта жолшы бай жүк арту жағдайында бір жолсапар үшін жарамды болады.
«А», «D» түріндегі отандық рұқсаттар жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін жарамды, «В» мен «С» түріндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан 90 километрге дейін шегінде орналасқан шекара маңы терминалдарына дейін жарамды.»;
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Қазақстан Республикасы аумағына үшiншi елдерден жүк тасымалдауы жүктiң жөнелту немесе межелi пунктi болып табылмайтын елдiң аумағына жүктi асқын жүктеумен (тиеу/түсiру) Қазақстан Республикасы аумағына үшiншi елдерден тасымалды орындауға арналған рұқсат болған жағдайда жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден тасымалдау кезінде жүктің жөнелту немесе межелі пункті болып табылмайтын елдің аумағында кедендік транзит аяқталмаған жүкті қазақстандық автокөлік құралына, жəне бастапқы тасымалдаушының тіркеу елінде тіркелмеген автокөлік құралына аударып тиеуге жол берілмейді.»;
мынадай мазмұндағы 39-1-тармақпен толықтырылсын:
«39-1. Шетелдік автокөлік құралының тіркелу елінің аумағындағы заңнамаға сəйкес құрылған жəне тіркелген, үшінші елдердің кəсіпорындары мен фили
алдарында өндірілетін жүктердің тасымалын жүзеге асыру кезінде, үшінші елдерден/елдерге отандық рұқсаттар осы тасымалдардың мынадай ілеспе құжаттарымен расталған жағдайларда талап етілмейді:
халықаралық көліктік жүкқұжаты (CMR);
тауардың шығарылуы туралы сертификаты;
жүк жөнелтушінің немесе жүк алушының шетелдік тасымалдаушыға жүк тасымалына тапсырысы;
шот-фактура (инвойс);
ветеринарлық сертификат, фитосанитарлық сертификат, өнімдердің (тауарлардың)
санитарлық-эпидемиологиялық жəне гигиеналық талаптарға (қажет болған жағдайда) сəйкестігі бөлігінде қауіпсіздікті растайтын құжат.
Бұл ретте, осы тасымал Қазақстан Республикасының аумағына кіруге отандық рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
Шетелдік автокөлік құралдарының тіркелу елінің аумағындағы заңнамаға сəйкес тіркелген үшінші елдердің кəсіпорындары мен филиалдарының тізбесі туралы
уəкілетті органды тасымалдау басталғанға дейін тиісті шет мемлекеттің құзыретті органы хабардар етеді.»;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. Қазақстан Республикасының аумағына жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тартқышты немесе жүк автомобилін тасымалдаушының тіркеу мемлекетінде тіркелген басқа тартқышқа немесе жүк автомобиліне ауыстырып тіркеуге рұқсат етіледі.
Жүру жолындағы тасымалдаушыны ауыстыру оның аумағында тасымалдаушыны ауыстыру жүзеге асырылса, келесі тасымалдаушының деректерін халықаралық көлік жүкқұжатына (CMR), Халықаралық жолдарда тасымалдау жəне кеден органының рұқсат кітапшасына енгізген жағдайда рұқсат етіледі.»;
мынадай мазмұндағы 48-1-тармақпен толықтырылсын:
«48-1. Шетелдік тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіру (шығу) кезінде көліктік бақылау органдарына отандық рұқсат
қағаздарын осы Қағидаларда көзделген талаптарға сəйкес ресімделуін тексеру, сондай-ақ отандық рұқсат бланкісінің үзбелі бөлігін алу үшін ұсынады.».
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар жəне даму министрлігінің Көлік комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ жəне орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы жəне электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау жəне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар жəне даму
министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) жəне 4) тармақшаларына сəйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мəліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар жəне даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар жəне даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар
жəне даму министрі Ж.ҚАСЫМБЕК