Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Астанада А.Аданның «Жизель» балеті қойылады

АСТАНА. 4 наурыз. ҚазАқпарат - 8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Астанада Адольф Аданның «Жизель» балеті қойылады.

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Астанада А.Аданның «Жизель» балеті қойылады

Бұл туралы Байланыс және ақпарат министрлігінен хабарлады.

Спектакль ҚР Мәдениет министрлігінің, К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры мен «Қазақ әуендері» АҚ-ның ұйымдастыруымен қойлады.

«Жизель» балетін Астанада санкт-петерборлық хореограф, Мариинский театрының балетмейстері Сергей Вихарев қояды. Басты партияларда Париждегі Гранд операның жетекші солистері Мелани Юрэль (Жизель) мен Карл Пакетт (Альберт) ойнайды. Спектакльге сондай-ақ, К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының балет труппасы мен симфониялық оркестрі қатысады. Дирижжері - Айдар Абжаханов.

Еске салайық, «Жизель» балетінің алғашқы қойылымы 1841 жылы 28 маусымда Гранд операның сахнасында өткен болатын.

Спектакль 5 наурыз күні Бейбітшілік және келісім сарайында болады.