Халықаралық әйелдер күні мерекесін еліміздегі пенитенциарлық мекемелерде де атап өтуде

АСТАНА. Наурыздың 6-ы. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Республикадағы үш әйелдер колониясында Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған мәдени-бұқаралық шаралар өткізілуде,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.ҚР Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің хабарлауынша, бүгінде республика бойынша үш әйелдер колониясы бар, олар: Алматы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында орналасқан. Бүгінгі күні, яғни, 2009 жылғы наурыздың 6-ы күнгі мәлімет бойынша аталмыш мекемелерде 2 912 сотталған әйел қылмысын өтеп жатыр.Адамдардың конституциялық құқын сақтау мақсатында барлық аталған мекемелерде бұл күндері түрлі мерекелік шаралар өткізілуде. Бұл - көркемөнерпаздардың күшімен ұйымдастырылған концерттік бағдарламалар, спорттық ойындар, озат қабырға газетін анықтау, мәнерлеп оқу және т.б. Аталған орындардағы мерекелік шараларға түрлі үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдерінің қатысуы дәстүрге айналған.Мәселен, ОВ-156/21 әйелдер колониясында (ШҚО) арулар байқауы өткізілуде, байқау аяқталған соң, Солнечный кентіндегі жалпы орта білім беретін мектеп көркемөнерпаздарының концерті болады.Қарағанды облысындағы АК-159/9 мекемесінде ертең өзгеше байқау өткізілмек. Онда, сотталған әйелдер «Қанеки, 50 жастан асқан әжелер» байқауына қатысады. Аталған мәдени-бұқаралық шараға Көксу кентінің әкімі Г.Журавицкая және кенттің мәдениет үйінің өкілдері де шақырылып отыр.
Соңғы жаңалықтар