Халықаралық әйелдер күніне орай мәдениет мекемелері түрлі мерекелік шаралар өткізеді

АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі республикамыздың әйелдер қауымын 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап,
None
None

 мереке күндері Алматы және Астана қалаларының мәдениет мекемелеріне мерекелік қойылымдарды тамашалауға шақырады»,-деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

 Мерекелік бағдарлама әйелдер қауымының талғамына орай ең үздік туындылардан құралады. Бұл күндері опералық мен драмалық театрлар, концерттік ұйымдар өз есіктерін келем деушілерге айқара ашады. Опералық театрлар көрермендерге опера және балет өнерінің ең озық үлгілерін, ал  драмалық театрлар отандық және шетелдік авторлардың үздік спектакльдерін көрсетеді. Концерттік ұйымдарда жетекші шығармашылық ұжымдар мен жеке орындаушылардың орындауында классикалық және халықтық жанрлардың үздік шығармалары шырқалады. Ал 8 наурыз күні К.Байсейітова атындағы опера және балет театрында белгілі ариялар мен балеттік нөмірлерден тұратын «Музыкалық қонақжaй» атты мерекелік концерт өтеді.

Соңғы жаңалықтар