Халықаралық әйелдер мерекесі күні Астана мәдени шараларға толы болады - Ә.Рақымжанов

АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Наурыздың 8-і - Халықаралық әйелдер мерекесі күні Астана мәдени шараларға толы болады. Бұл туралы бүгін қала әкімдігінде өткен ҚР Президенті жанындағы Әйел істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында әкім орынбасары Әмірхан Рақымжанов мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, наурыздың 7-сі күні Қазақ Ұлттық музыка академиясының орган залында елорда басшысы Иманғали Тасмағамбетов әртүрлі салада қызмет жасайтын 400-ден астам әйелді көктемнің алғашқы меркесімен құттықтап, арнайы сыйлықтар табыстайтын болады. Кештің қонағы ретінде орыс әншісі (меццо-сопрано) Елена Образцова шақырылып отыр. ҚазАқпараттан анонс: наурыздың 7-сі күні шаңғы-роллерлік жолда қаладағы құрылыс компанияларының, корпорациялар мен Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері арасында шаңғы тебуден жарыс (сағат 11.00) өтеді. М.Горький атындағы орыс драма театрында «Алтын балапан» ертегісі (11.00-де) мен «Браво, Лауренсия!» комедиясының (18.00-де) қойылымдары, Жас көрермен театрында (12.00-де) «Қозы мен Баян» мюзиклы ойналады.Кешкісін Конгресс-Холл сарайында (19.00-де) ақын, композитор және орындаушы Александр Розембаум жеке концертін береді. Наурыздың 8-інде - Тәуелсіздік сарайында (сағат 19.00-де) итальяндық эстрада жұлдызы Аль Бано Каррисидің, «Керуен» ойын-сауық орталығында (12.00-де) «Балауса 2009» балалар байқауы лауреаттарының мерекелік концерттері болады. Сондай-ақ К.Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театрында аталмыш мерекеге арналған (сағат 15.00-де) «Музыкалық қонақжай», Конгресс-Холл сарайында (сағат 17.00) «Алтын Самұрық» атты концерттер өтеді. Сонымен қатар, «Керуен» ойын-сауық орталығында «Көктем ?Жаз -2009» киім үлгілерінің көрсетілімі (сағат 14.00) мен «Cool boys» ерлер сән байқауын тамашалауға болады. Наурыздың 7-8-інде Қоянды су қоймасында (10.00-де) «Самұрық ? 2009» атты ралли-спринттің үшінші кезеңдік автожарыстары өтеді.
Соңғы жаңалықтар