Халықаралық әйелдері күні мерекесі қарсаңында елордадағы іскер әйелдер бас қосты
СТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Кеше кешке Халықаралық әйелдері күні мерекесі қарсаңында елордадағы іскер әйелдердің «Астана бәйтерек», «Томирис» және «Жібек» атты үш клубы өкілдерінің кездесуі өтті.
Астанадағы ең белсенді клубтар санатына енетін аталмыш ұйымдар өздерінің қызметі жайында таныстырылымдар жасап, биыл клуб қатарына қосылған жаңа мүшелерін таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«8-ші наурыз мерекесі алдында бас қосып, барлығымыз ортақ бір шараның аясында кездессек дұрыс болар деп шештік. Соның ішінде әрбір клубтың таныстырылымын жасап, оның жұмысы мен қызметі жайлы мағлұмат алсақ, алдағы мақсаттары мен міндеттері қандай, құрамындағы әйелдер кімдер екенін білсек деген мақсатпен жиналдық», дейді «Томирис» клубының вице-президенті, сенатор Светлана Жалмағамбетова.
Елордадағы әйелдер ұйымының ішіндегі ең үлкені «Томирис» клубы, оның құрылғанына 12 жыл толды. Құрамында 24 әйел: саясаткерлер, дәрігерлер, педагогтар, журналистер мен кәсіпкерлер бар. «Астана Бәйтерек» клубына 7 жыл, 20 әйел мүше. Клуб елорда әйелдерінің әлеуметтік имиджін қалыптастыру бағытында жұмыс жасап келеді. Ал «Жібек» клубы осылардың арасындағы ең жасы, оған биыл 5 жыл болады. Мүшелігіне депутаттар мен кәсіпкер ханымдар енген.
Әйелдердің айтуынша, саясат мінберлерде олар бір-біріне демеу жасап отырады.
Шараның ең мәртебелі қонақтары қатарында Мемлекеттік басқару академиясының академигі Зинаида Федотова, Қазақстанның халық ақыны Фариза Оңғарсынова, Қазақстанның Халықты әлеуметтік қорғау экс-министрі, ҚР Парламенті мәжілісінің бұрынғы депутаты Зәуре Қадырова болды. Клуб мүшелерінің ойынша, өз уақытында осы үш әйел елдің дамуына және мемлекеттілігінің қалыптасуына үлкен үлестерін қосып, ерен еңбектерін салып кетті.