Халықаралық балаларды қорғау күні аясында қазақстандық дәрігерлер тұрғындарға тегін кеңестер береді

ҚР ДСӘДМ хабарлағандай, аталған іс-шаралар биыл «Балалардың денсаулығы мен бақыты - біздің қолымызда» ұранымен өтетін Халықаралық балалар қорғау күніне арналады.
Сонымен қатар, республика өңірлерінде жасөспірімдердің денсаулығын сақтау және нығайту, репродуктивтік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер, дебаттар және семинар-тренингтер өтеді. МСАК ұйымдарында «Нәрестелі боламын» және «Жарық дүние ғажайыбы - қуанышыммен бөлісіңіз» тақырыбында болашақ аналарға арналған фотобайқаулар өткізу жоспарланған.
Халықаралық балаларды қорғау күні - адамгершілікті және әділетті қоғам қалыптастыру үшін қажетті шаралар ретінде балалардың өмірге, пікір еркіндігіне, дінге, білім алуға, демалысқа және бос уақытқа деген құқықтарын сақтау, дене және психологиялық зорлықтан, балалар еңбегін пайдаланудан қорғау қажеттігі туралы үлкендердің есіне салу боп табылады.
Еске сала кетейік, Балаларды қорғау күні - ертеден келе жатқан халықаралық мерекелердің бірі. Ол 1950 жылдан бері жаздың алғашқы күні атап өтіледі.