Халықаралық балаларды қорғау күнінде 16 астаналық сәби өздерінің алғашқы құжаттары - туу туралы куәліктерін алды

АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Жанна Қорқытова/ - Бүгін астаналық Ана мен бала орталығында 16 сәбиге алғашқы құжаттары - туу туралы куәліктерін тапсыру салтанаты өтті, деп хабарлайды Ұлттық медицина холдингінің баспасөз қызметі.
None
None

Есіл ауданының әкімі Қайрат Жаңабергенов пен Астана қаласы әділет департаменті АХАЖ қызметкерлері бақытты ата-аналарға мерекелік жағдайда куәліктерді тапсырды.

Салтанатты іс-шара Қазақ ұлттық өнер университеті студенттерінің орындауындағы аспаптық музыкалық концертпен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар