Халықаралық байқауда батысқазақстандық «Қыз Жібек» тобы бас жүлдені жеңіп алды (ФОТО)

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Астана қаласында мәреге жеткен халықаралық «Ақ көгершін» байқауында БҚО-ның Қазталов ауданы Жалпақтал ауылынан барған «Қыз Жібек» тобы дәстүрлі ән аталымы бойынша бас жүлдені жеңіп алды.

Халықаралық байқауда батысқазақстандық «Қыз Жібек» тобы бас жүлдені жеңіп алды (ФОТО)

Батыс Қазақстанға белгілі әнші-термеші, сазгер, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты, Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Баян Қабиева жетекшілік ететін өнер ұжымы байқауда «Смуглянка», «Аһ, Самара, қаласы» әндерін шебер орындады. Сондай-ақ халық әндері мен термелерден жасаған попурриі де сәтті шықты. Сонымен қатар осы топтың мүшесі Венера Асқарова жеке орындауда бас жүлдені иеленді.