Халықаралық байқаушы: Бұл сайлау - Қазақстан дамуының жаңа кезеңінің бастауы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы «Думан» қонақ үйінде халықаралық байқаушылардың сайлау жұмысына қатысты БАҚ-на арналған баспасөз мәслихаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстан шамамен 2010 жылға қарай тұрақтылық пен экономикалық өрлеудің екінші кезеңіне аяқ басқан болатын. Алғашқы кезең ол кеңестік елден тәуелсіз, өзіндік даму бағыты бар елге өтуі. Осы жолғы сайлауға қатысушы кандидаттар және олардың бағдарламасымен таныса келе, бұл сайлау - Қазақстанның дамуының жаңа кезеңінің бастауы деген ойға келдім. Сондай-ақ, біз президенттікке кандидаттармен де кездесу өткіздік. Кездесу барысында олар сайлаудың ел ертеңі үшін маңызды сәт болып табылатынын аңғартты», - деді халықаралық байқаушы, Польша республикасының бұрынғы вице-премьері Януш Пьехочинский.
Сондай-ақ, шетелдік байқаушы сайлаудың өту процесіне тоқталып өтті.
«Сайлау алдымен ашық түрде өтуде. Және жұмыс барысында ешқандай заңбұзушылықты байқамадық. Одан бөлек, Қазақстандағы сайлау жұмысын, біздің елдің сайлауымен салыстырдым. Мені тағы бір таңқалдырғаны - халықтың белсенділігі. Біз таңертеңнен бері 4-5 сайлау учаскесінде болдық. Қай қайсысына барсаң да дауыс беру кабиналары босамай жатыр», - деді ол.
Оның айтуынша, Польшадан барлығы 6 байқаушы келді.