Халықаралық байқаушылар саны 2 адамға қысқарды - ОСК мүшесі М. Сәрсембаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті сайлауын бақылайтын халықаралық байқаушылар саны 2 адамға қысқарды. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев мәлім етті.

Халықаралық байқаушылар саны 2 адамға қысқарды - ОСК мүшесі М. Сәрсембаев

«Бүгінгі күнге дейін халықаралық ұйымдардан және шет мемлекеттерден аккредиттелген байқаушылардың саны 1026 адам болатын. Бүгін ҚР ОСК осы қаулысымен Ресей азаматтары Сергей Калашников пен Степан Тапананды аккредиттеудің күшін жойды. Олар ЕҚЫҰ/ДИАҚБ байқаушылары миссиясы атынан аккредиттелген болатын. Қазіргі байқаушылардың жалпы саны 1024 адам», - деді ол.