Халықаралық байқаушылар: Сайлау ашық әрі тыныш өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Сергей Громов Француз Республикасы Ұлттық Ассамблеясындағы «Франция-Қазақстан» достық тобының төрағасы Пьер Кабаре бастаған депутаттарды және байқаушылар делегациясын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықаралық байқаушылар: Сайлау ашық әрі тыныш өтті

С.Громов сайлауды байқау барысында шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің рөлі өте жоғары екенін атап өтті.null

«Бұл саяси оқиғаның барынша көп шетелдік байқаушылардың қатысуымен өткені біз үшін маңызды болды», - деді төрағаның орынбасары.

П.Кабаре тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы, Қазақстан мен Франция арасындағы достық қатынастарды дамытуға Елбасы Н.Назарбаевтың қосқан үлесін жоғары бағалады.

«Сайлау учаскелерінде болған кезде біз сайлау ашық әрі тыныш өткеніне куә болдық», - деді халықаралық байқаушы.

Ол Қазақстанда сыртқы саяси бағыттың сабақтастығы сақталып, Қазақстанның Тұңғыш Президенті бастаған барлық реформалар жалғасатынына сенім білдірді.

Тараптар екі елдің парламентаралық өзара іс-қимылының, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық әріптестігінің өзекті мәселелерін талқылады.

П.Кабаре қазіргі кезде қазақстандық ұшқыштарды Тулузаның азаматтық авиация университетінде оқыту мәселесі шешіліп жатқанын хабарлады.

Бұдан бөлек, Сергей Громов РФ Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі Төрағасының орынбасары Ильяс Умаханов бастаған ТМД ПАА-ның халықаралық байқаушылар делегациясын қабылдады.

С.Громов Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауындағы үйлесімді жұмысы үшін ТМД ПАА-ның халықаралық байқаушыларына алғысын жеткізді және «Ашық және әділ сайлау өткізу біздің негізгі ұстанымымыз болды» деп атап өтті.

И.Умаханов байқаушылардың жұмысына жақсы жағдай жасағаны үшін ризашылығын білдірді.

Сайлау нәтижелері туралы айта келіп, ол Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауына орай пікір білдірді.

«Қазақстан халқы жеңімпаз атанды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаев болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік беретін пәрменді тетік жасады», - деді Умаханов.

Тараптар сондай-ақ тиімді ынтымақтастықтағы парламентаралық үнқатысудың маңызды рөлді атап өтіп, екіжақты қарым-қатынастарды тереңдету мәселелерін талқылады.

null