Халықаралық бокс федерациясы күзде Головкин - Лемье жекпе-жегін өткізуге қарсы емес - Том Леффлер

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA (Super), WBC (Interim) және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Халықаралық бокс федерациясына байланысқа шықты.

Халықаралық бокс федерациясы күзде Головкин - Лемье жекпе-жегін өткізуге қарсы емес - Том Леффлер

Ондағылар қазақстандық боксшы мен канадалық Давид Лемьенің алдағы уақытта жекпе-жекке шығуларына еш кедергі жоқтығын айтты, деп хабарлады Аllboxing.ru.

«Халықаралық бокс федерациясы Головкин мен Лемьеның кездесуін ұйымдастыруға ешқандай кедергі жоқтығын растады, - деп мәлімдеді Леффлер. - Мықтылар мықтылармен айқасуы тиіс. Golden Boy, ендеше жекпе-жекті ұйымдастырайық».