Халықаралық бокс ұйымының ауыр салмақтағы Құрлықаралық әлем чемпионы Иса Ақбербаев өз атағын қорғайды

АЛМАТЫ. 12 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Украинада Бровари қаласында Халықаралық бокс ұйымының (ІВО) Құрлықаралық әлем чемпионы Иса Ақбербаев өз атағын үшінші рет қорғайды.
None
None

Оның бұл жолғы қарсыласы аргентиналық Мауро Адриан Ордиалес болмақ. 1983 жылы 5 қарашада өмірге келген Иса кәсіпқой бокс рингіндегі алғашқы жекпе-жегін 2009 жылы 19 тамызда Өзбекстанның Алмалық қаласында Шухрат Ишмухаммедовпен өткізген болатын. Осы уақытқа дейін 9 кездесу өткізген ол (алтауын нокатпен),  бірде-бір рет жеңілістің ащы дәмін татқан жоқ.

2010 жылы 4 қарашада Германияның Берлин қаласында Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) Азия бокс өкілдігінің чемпионы, ал 2011 жылы наурызда Ресейдің Екатеринбор қаласында бос тұрған Халықаралық бокс ұйымының Құрлықаралық чемпионы атағын жеңіп алды. ІВО-ның Құрлықаралық чемпионы атағын Германияның Нордхейн-Уестфален қаласында 2011 жылы 9 шілдеде Марко Хейнишеннен, ал 9 желтоқсанда  Армин Доллингерден қорғап қалды. Қазақстандық былғары қолғап шебері 12 раундық соңғы 3 кездесуде де қарсыластарын мерзімінен бұрын техникалық нокаутпен жеңіп шықты.

1975 жылы 17 қаңтарда Аргентинаның Буэнес-Айрэс қаласында өмірге келген Мауро Адриан Ордиалестің бұл 38-ші кездесуі болмақ. Ол бұған дейін 28 рет жеңіске жетіп (26-сын нокаутпен), 9 рет жеңіліс (8-і нокаутпен) тапқан еді. Кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 2002 жылы 25 қазанда туған қаласында жеңіспен бастаған бұл боксшы, 2011 жылы 12 қарашада Польшаның Гдиниа қаласында Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) Құрлықаралық чемпионы атағын сарапқа салуға қатысқан болатын. Алайда 10 раундтық кездесудің 2-раундында Павел Колодpиежден (Pawel Kolodziej техникалық нокатпен жеңіліс тапты. Одан кейін биыл туған қаласында  рейтпингтік жекпе-жектерде 20 қаңтарда Анибал Силвестрді нокаутпен,  ал 17 ақпанда Эдуардо Жесус Оскар Рожасді техникалық нокаутпен ұтып шықты.

Соңғы жаңалықтар