Халықаралық «Don Cup» турнирінде Жансель Дениз күміс жүлдегер атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Дондағы Ростов қаласында таеквондодан өткен халықаралық «Don Cup » турнирінде отандасымыз Жансель Дениз күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ресейдің бүкіл облыстарынан ең мықты спортшылар жиналған додада Қазақстан жастар құрамасы да қатысып, олардың арасынан Жансель Дениз күміс жүлде жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, Жансель Дениз жақында  Біріккен Араб Әмірлігінде өткен халықаралық жарыста тағы да жүлдегерлер қатарынан көрініп, қола жүлде иеленген. Ол өткен жылы Қазақстан құрамасы сапында өткен жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарына қатысты.  

Соңғы жаңалықтар