Халықаралық джаз-фестивалі қазақстандық қатысушыларды күтуде
БІШКЕК. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Бішкекте джаз музыкасының «Джаз-Бішкек-Көктем» IV халықаралық фестиваліне әзірлік жүріп жатыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бірқатар еуропалық елдерден, АҚШ-тан кәсіпқой ұжымдарды шақырып отырған ұйымдастырушылар джаз фестивалін көктемнің тамаша бір мерекесі ретінде өткізуге уәде беріп отыр. Бұл шараға Орталық Азия елдері мен Ресейден де джаз-топтары қосылады. Сәуірдің 24-26-сы аралығында Бішкекте орталық алаңда өтетін халықаралық джаз-фестиваліне қазақстандық орындаушылар да қатысады деп күтілуде.