Халықаралық эпизоотикалық бюро Қазақстандағы киіктердің қырылуын зерттейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымының (Халықаралық эпизоотикалық бюро) арнайы комиссиясы Қазақстандағы киіктердің жаппай қырылуы себебін анықтаумен айналысады.
None
None

Бұл жайында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде Қостанай, Ақтөбе және Ақмола облыстары аумағында киіктердің Бетпақдала популяциясының жаппай қырылу фактісін анықтау бойынша ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың төрғалығымен өткен жұмыс тобының отырысында мәлім болды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қостанай және Ақтөбе облыстарында қырылған киіктердің саны 112 мың 475-ке жетті. Ал Ақмола облысының Жарқайың және Жақсы аудандарында қазіргі кезде 8502 киіктің өлексесін жою шаралары жүргізілді. Олардың ішінде 90 пайызы - аналық жануарлар.

Қазақстандың биологиялық әртүрлілікті сақтау қауымдастығының мәліметінше, 2014 жылы мемлекеттік киік санағының нәтижесі бойынша Қазақстандағы киіктердің саны 300 мыңнан асқан.

Соңғы жаңалықтар