Халықаралық федерация: Қазақстандық ауыр атлеттер И. Сон мен Т. Капустина жарыстардан шеттетілген жоқ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық ауыр атлетика федерациясы қазақстандық ауыр атлеттер - И. Сон мен Т. Капустинаны жарысқа түсу құқығынан айырған жоқ, 2015 жылы сәуірде өткен Лимадағы жастар әлем чемпионатынан кейін допинг-сынамада олардан тыйым салынған заттар табылған.
Қазақстандық ауыр атлетика федерациясының күшімен спортшылардың кінәсі ауыр емес екені дәлелденді. Олар спортта тыйым салынған дәрі емес, биологиялық белсенді қоспа пайдаланған.
ХААФ баспасөз қызметінде хабарланғандай, ХААФ қағидаларына сәйкес спортшылар медальдары мен чемпиондық титулдарынан айырылғанына қарамастан, бұдан бұрын белгіленген Татьяна Капустина мен Игорь Сонды спорттан уақытша шеттетуді ХААФ Тәртіптік кеңесі 2015 жылғы 20 қарашадағы тыңдауда алып тастаған. Қазір зілтеміршілер жаттығуды жалғастырып, алдағы жарыстарға дайындалуда.