Халықаралық фестиваль елордалық қазақ драма театрының спектаклімен ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры «CHELoBEK ТЕАТРА» V халықаралық фестиваліне қатысты.
None
None

 Елордалық қазақ драма театрының актерлері А. Чеховтың «Шие бағы» комедиясының желісімен спектакль қойды.

        «Фестивальде ұсынылған «Шие» спектаклі үшін зор алғыс білдіргім келеді. Театр осы фестивальдің ашылымы болды. Фантастикалық спектакль. Ондағы әр кейіпкер қисынсыз, бірақ өмірдің өзі сондай. Спектакльде керемет әртістер ойнады, - деп баға берді мәдениеттанушы Ксения Тувалтуxина.

 «Шие» спектаклі танымал театр мен кино режиссері, ресейлік «Алтын бетперде» ұлттық театр сыйлығының иегері Сергей Потаповтың жетекшілігімен қойылды. Басты рөлде «Золотой Витязь-2015» Халықаралық театр фестивалінің дипломанты Ақмарал Танабаева. Бұл қойылымда астаналық қазақ драма театрының үздік актерлерінің өнерін тамашалауға мүмкіндік бар, бұл - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Кеңес Нұрланов, Қуандық Қыстықбаев, Нұркен Өтеуілов, Айман Аймағамбет, «Дарын» жастар сыйлығының иегері Сырым Қашқабаев және т.б.

Чеховтың шығармасы кейіпкерлердің азаматтық шарасыздығын, рухани қарама-қайшылығын, «мақсатсыз» сергелдеңін көрсетеді, олар өз әлсіздіктері мен кемшіліктерінің, жалғыздықтың тұтқынына түсіп, ішкі үйлесімділіктерін жоғалтып алған. Бұл - ғасырлар тоғысындағы кезең үшін тән құбылыстар. Комедияда режиссер Чехов кейіпкерлерін уақыт пен кеңістіктен тыс күйде көрсете алды.

 «Шие» елімізде 2016 жылы қойылған үздік спектакль саналады, XXIV Қазақстан театрларының республикалық фестивалінде ол Гран-при иеленсе, Орталық Азия елдерінің IV Халықаралық театр фестивалінде жеңімпаз атанған.

«CHELoBEK ТЕАТРА» V халықаралық фестиваліне қатысуға әлем елдерінен 90-нан аса театр өтініш берген. Мұқият іріктеуден кейін фестивальде 17 үздік спектакль қойылды. Шара Ресейдің Челябі қаласында өтті. 

Соңғы жаңалықтар