Халықаралық ғарыш стансасы шамамен 2,2 шақырымға көтеріледі

АСТАНА.  Тамыздың 1-і. ҚазАқпарат -  Ресейдің Ұшу сапарларын  басқару  орталығы  бүгін  халықаралық  ғарыш  стансасының   орбитасына түзету енгізеді.   Бұл шара   стансаның  «Союз» ғарыш  кемесімен     оңтайлы  жағдайда түйісуін қамтамасыз  ету   үшін  қажет,

Халықаралық  ғарыш стансасы  шамамен 2,2  шақырымға көтеріледі

  деп   хабарлайды  «Маяк»  радиостансасы.

«Прогресс М-67»   жүк кемесінің  двигательдерін  қосу туралы пәрмен   мәскеу уақыты  бойынша  сағат 12.15-те беріледі. Двигатель жұмыс істеп тұратын   459 секундтың ішінде     халықаралық ғарыш стансасы  шамамен  2,2 шақырымға      көтеріледі.