Халықаралық ғарыш стансасына кезекті жүк кемесі аттанады
АСТАНА. Шілденің 24-і. ҚазАқпарат - Байқоңыр ғарыш айлағынан Халықаралық ғарыш стансасына ресейлік «Прогресс М-67» жүк кемесі аттанады.
«Роскосмос» федералдық ғарыш агенттігінен хабарлағандай, кеме бүгін, шілденің 24-інде мәскеу уақыты бойынша 14:57-де ұшырылады. Жүк кемесі орбитаға 2,5 тоннадан астам жүк, атап айтқанда азық-түлік, су, отын, стансаға қажетті жабдықтар, сондай-ақ экипаж мүшелерінің отбасыларынан сәлем-саухаттар жеткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Халықаралық ғарыш стансасында қазір ресейлік ғарышкерлер - Геннадий Падалка мен Роман Романенко, американ астронавтары -Майкл Барратт пен Тимоти Копр, бельгиялық ғарышкер Франк де Винна мен канадалық Роберт Тирска бар.