Халықаралық ғарыш стансасына Максим Сураев, Джеффри Уильямс және Ги Лалиберте аттанады

АСТАНА.  Қыркүйектің 29-ы.   ҚазАқпарат -  Сәрсенбі күні  Халықаралық  ғарыш стансасына аттанатын  «Союз  ТМА-16» кемесінің  бортына  ресейлік ғарышкер Максим Сураев, НАСА  астронавты Джеффри Уильямс  және  канадалық  ғарыш туристі Ги Лалиберте көтеріледі. 

Халықаралық  ғарыш стансасына Максим Сураев, Джеффри Уильямс және  Ги Лалиберте  аттанады

Байқоңырда    халықаралық ғарыш стансасына   кезекті  экспедицияға аттанатын 21-ші   экспедицияның    құрамын  бекіткен Мемлекеттік комиссия бүгін  осындай  нақты   ұйғарым  жасады,  деп   хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Максим Сураев пен   Джеффри   Уильямстың   сапары  жарты  жылға  созылады.   Ал турист   орбитада 11 тәуліктей  болады және   Жерге  қазанның  11-інде 20-шы экспедицияның   экипажымен -  Геннадий Падалка және Майкл Барратпен   оралады.