Халықаралық ғарыш стансасында қауіпті микроорганизм табылды
АСТАНА. 17 шілде. ҚазАқпарат - Халықаралық ғарыш стансасында қауіпті микроорганизм табылды, ол станса құрал-жабдықтарын істен шығаруы мүмкін,
деп хабарлады Утро.ру.
Ресей ғылым академиясының вице-президенті Анатолий Григорьевтің айтуынша, осыған ұқсас қиындықтар бұған дейін «Мир» орбиталық стансасында да орын алған екен. «Бұлар тек металды ғана емес, сонымен бірге полимерді де бүлдіреді. Олар техниканың істен шығуына себеп болуы да мүмкін», - деп түсіндіреді РҒА вице-президенті.
Айта кетерлігі, микроорганизмдердің ғарыш стансасында қайдан пайда болғандығы және олардың құрал-жабдықтарды қаншалықты зақымдайтындығы нақты айтылып отырған жоқ.