Халықаралық іздеуде болған Қазақстанның 3 азаматы Киевтен Астанаға экстрадицияланды - Бас прокуратура

АСТАНА. 2 маусым. ҚазАқпарат - 28 мамырда Бас прокуратура Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің қолдауымен ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған және ұзақ уақыт халықаралық іздеуде болған Қазақстанның 3 азаматын Киевтен Астанаға экстрадициялады.

Халықаралық іздеуде болған Қазақстанның 3 азаматы Киевтен Астанаға экстрадицияланды - Бас прокуратура

Адам өлтіргені үшін айыпталушы А.Бандуровты Шығыс Қазақстан облысының құқық қорғау органдары 1999 жылдан бері іздестірген. Ал тонау және ұрлық жасағандары үшін айыпталушы С.Маевский мен Ю.Меделяевке Ақмола және Павлодар облыстарының құқық қорғау органдары 2008 жылы іздеу жариялаған болатын.

Қазіргі уақытта күдіктілер Астананың тергеу изоляторына жабылды.