08:21, 01 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық әйел Ресейде абақтыдағы ер адаммен заңсыз некелескен
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда экономикалық қылмыс жасаған әйел үш жылдан астам уақыт Омбы қаласында жасырынған, деп хабарлайды БК.

Омбы облысы бойынша сот жасауылдары басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық бұрынғы есепші әйел өз елінің аумағында экономикалық қылмыстар жасаған. Бизнесі құрдымға кеткен соң, ол Омбыда жасырынуды шешкен. Омбыда заңды түрде тұру үшін, сол жерде қазіргі уақытта түрмеде отырған ер адамға заңсыз тұрмысқа шыққан.
Омбыдағы Куйбышев аудандық соты әйелді РФ Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 18.8 бабының 1.1 бөлімімен («Шетелдік немесе азаматтығы жоқ Ресей азаматының Ресей Федерациясына кіру немесе Ресей Федерациясында болу (тұру) ережелерін бұзу») қарастырылған құқық бұзушылықты жасады деп айыптады. Оған айыппұл салынып, мәжбүрлі түрде елден шығарылған.