«Халықаралық қаржы институттарының қаражаты есебінен іске асыралатын жобаларды басқару» тақырыбында семинар-кеңес болып өтті

АСТАНА. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат. Бүгін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп «Халықаралық қаржы институттарының қаражаты есебінен іске асыралатын жобаларды басқару» тақырыбында семинар-кеңес өткізді,
None
None

деп хабарлайды ККМ баспасөз қызметі.

Семинарға ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің өкілдері, Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, сондай-ақ «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасын іске асыруға қатысатын мердігер және қосалқы мердігерлердің өкілдері, жобаны басқару және құрылысты қадағалау консультанттары қатысты.

Семинарға қатысушылар Халықаралық қаржы институттарының заемдық қаражаттары есебінен қаржыландырылатын «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» мега-жобасын іске асыру басталғандықтан семинар тақырыптары өзекті, қызықты әрі уақытылы екендігін атап өтті.

Семинарда Дүниежүзілік банктің өкілдері жобаны іске асыру кезінде сапаны қамтамасыз ету, жобаны іске асыруға қатысушылар және олардың жауапкершіліктері, жобаның құнын, шығындарын басқару және уақытты жоспарлау сияқты мәселелерді талқылады.

Семинарды қорытындылай келе, семинарға қатысушылар «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасын ойдағыдай іске асыру мақсатында сапаны қамтамасыз ету, жобаның құны мен уақытын бақылау, сондай-ақ жобаны іске асыруға тартылған барлық тараптар арасындағы үйлестіру мәселелеріне көңіл бөлінетініне уағдаласты.

Соңғы жаңалықтар