Халықаралық «Kazakhstan Open» гольф турнирінде бір күннің ішінде екі Hole-in-one соққысы жасалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Нұртау» гольф-клубында өтіп жатқан 11-ші Халықаралық «Kazakhstan Open- 2015» турнирінде қатарынан екі hole-in-one соққысы жасалды.

Халықаралық «Kazakhstan Open» гольф турнирінде бір күннің ішінде екі Hole-in-one соққысы жасалды

Аталмыш оқиға турнир тарихында тұңғыш рет орын алып отыр. Даниялық гольфшы Jeppe Pape Huldahl бұл соққыны бірінші алаңда 148 метр жерден жасаса, Нидерландық гольфшы Maarten Lafeber он алтыншы алаңда 169 метр жерден жүзеге асырды. Екі тарихи соққының арасы 10 минутты құрады.

Hole-in-one жасаған әрбір ойыншыға арнайы жүлде табыс етілді.

Яғни, Jeppe Pape Huldahl «Меркур Авто» компаниясы атынан Audi А4 маркалы автокөлігі мен Constella компаниясы атынан Perrelet Tourbillion сағатын алса, Maarten Lafeber де сәйкесінше - Audi A6 маркалы автокөлігі мен Perrelet Tourbillion сағатына ие болады.

Бүгін кешкі сағат 18:00-де ойыншыларды марапаттау рәсімі болады.

Айта кетелік, Perrelet Tourbillion сағатының құны шамамен 90 мың доллар тұрады.

Hole-in-one - гольф жарыстарында өте сирек кездесетін соққы. Яғни, гольфшы допты ұяшыққа алыс қашықтықтан (150-200-250 м.) бір соққымен салады.