Халықаралық кеңес ҚР Жоғарғы Сотының «инвестициялық даулар» ұғымдарын анықтау бойынша қадамдарын қолдады

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрайымы Айгүл Қыдырбаева мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, кеше өткен ҚР Жоғарғы Сотының жанындағыХалықаралық кеңестің бірінші отырысында «инвестициялық даулар» түсінігін айқындау қадамдары талқыланды.
«Кеңестің барлық мүшелері «инвестициялық даулар» ұғымдарын анықтау бойынша Жоғарғы Соттың ұсынған қадамдарын қолдады. Инвестициялық дауларға инвестициялық келісімдерді бекіту, өзгерту, бұзу бойынша дауларды, сондай-ақ инвестицияны жүзеге асыруға келісімшартта қамтылған салықтық, кедендік, экологиялық, әлеуметтік міндеттемелерді инвестордың орындауына байланысты пікірталастарды жатқызуға болады»,-деді А. Қыдырбаева.
Оның айтуынша, кешегі отырыстың күн тәртібіне сәйкес, Қазақстан Республикасы судьяларының мінез-құлық қағидаттары мен қағидалары әдеп кодексінің жаңа жобасы талқыланды.
Жоғарғы Сот жанынан Халықаралық кеңес құру және оның бірінші отырысын өткізу Ұлт Жоспарының 25-қадамын тәжірибе жүзінде іске асыру болып табылады.
Жоғарғы Соттың ағымдағы жылғы 15 қаңтарда өткен жалпы отырысының қаулысымен Халықаралық кеңес және оның құрамы туралы ереже бекітілді. Кеңес отандық сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша сарапшылық консультациялар береді. Белгілі қазақстандық ғалымдардан бөлек, оның құрамында беделді шетелдік заңгерлер де бар. Кеңесті Жоғарғы Сот төрағасы басқарады. Оның мүшелері бір жыл мерзімге сайланады. Отырыс жылына кемінде екі рет өтетін болады.