Халықаралық конкурста жасанды интеллект ғалымдарды басып озды - Vox

АСТАНА. ҚазАқпарат - Critical Assessment of Prediction (CASP) ғылыми конференциясында халықаралық конкурс жеңімпазы белгілі болды. Vox басылымының жазуынша, конкурс жеңімпазы ретінде ғалымдар емес, жасанды интеллект танылған.

Халықаралық конкурста жасанды интеллект ғалымдарды басып озды - Vox

«Ғылыми конкурста 2014 жылы Google сатып алған DeepMind жасанды интеллект компаниясы жеңімпаз атанғаны ғалымдардың өзін таңғалдырды. Жасанды интеллект биохимия саласында ақуыз құрылымының өзгеруін зерттеп, оны емдеуге арналған дәрі іздеуде», деп жазады басылым.

«Конференцияда академиктер мен ғалымдар өздерінің «ескіріп» қалғанын сезінгенін, адамның ақылы үнемі ең жақсы құрал бола бермейтініне көз жеткізгенін айтып жатты» делінген мақалада.