Халықаралық конкурстардың лауреаты, 11 жастағы танымал музыкант өз өнерін құрбы-құрдастарына арнады

АСТАНА. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат /Асқар Бимендин/ - Бүгін елордалық циркте Балаларды қорғаудың халықаралық күніне арналған концертте ТМД-дағы Халықаралық белгілі скрипкашы, халықаралық конкурстардың лауреаты Руслан Тұрынтаев өз өнерін құрбы-құрдастарына арнады.
None
None

11 жастағы Руслан - Қазақ ұлттық өнер университетнің 5-сынып оқушысы (педагог Тамара Карп). Ол жастығына қарамастан біраз биіктерді бағындырды: 2008 жылы Давид Ойстрах атындағы скрипкашылардың халдықаралық конкурсына қатысты, ал 2009 жылы «Щелкунщик» халықаралық Х тедедидар байқауында балғын өнерпаз дипломант атанды. Биыл ол балалар мен жасөспірімдердің V бүкілресейлік «әБумеранг» форумына қатысты. Ол барлығы 6 халықаралық конкурсқа қатысып, оның 4-уінде жеңіске жетті.

Русланның шеберлігіне бүкіл әлемде танылған музыканттар Марат Бисенғалиев пен КСРО халық әртісі Лиана Исакадзе тәнті болды.
Ал жақында ғана Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде «АЛЖИРДЕ» өткен дөңгелек үстелдің ресми емес бөлігінде скрипкада ойнады. Қарағанды облысындағы Спасск кентінде лагерьде қаза болғандарға ескерткіш белгі ашылуында да өнер көрсетіп, таяу және алыс шетелдерден келген қонақтарды тамсандырды.

Соңғы жаңалықтар