Халықаралық консорциум Қашағанда өнім өндіруді кеңейтеді
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - «НКОК» консорциумы Атырау облысында орналасқан Қашаған теңіз кенішінен өнім өндіруді кеңейту үшін Үкіметтен рұқсат алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Қашаған кен орнын игеру жобасының I кезеңіндегі эксплуатациялық цикл ондаған жылды құрайды және оның кейінгі кезеңдері қазіргі таңда жоспарлану үстінде. Осыған қарамастан, біз жақында ғана Қашаған кенін игерудің І кезеңіндегі өндірісті ары қарай дамыту жобасының аясында инженерлік-техникалық дайындық жұмыстарын өткізу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсатын алдық. «ЦК01» деп аталатын 1 кезең аясындағы өндірісті кеңейту жобасы Каспий теңізіндегі теңіздік кешендегі шикізат көлемін тәулігіне 80 мың баррельге дейін ұлғайту үшін қосымша қаржылық салымдарды талап етеді. Үкіметтің берген рұқсаты НКОК-тың 2017 жылғы инженерлік-техникалық дайындық жұмыстарын бастауына және 2018 жылға арналған инженерлік-техникалық дайындық жұмыстарының жоспарын құруға мүмкіндік береді. Аталмыш жоба іске қосылса, 1 кезеңдегі шикізат өндіру көлемі тәулігіне 450 мың баррельге жетуі мүмкін», - деп мәлімдеді «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В» консорциумының атқарушы директоры Бруно Жарден.