Халықаралық көрмелер туралы конвенция мақұлданды - Мәжіліс

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісі «1928 жылғы 22 қарашадағы Халықаралық көрмелер туралы конвенцияны және оған қосымша хаттамалар мен түзетулерді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Конвенция 1928 жылы Париж қаласында жасалған болатын.
None
None

Құжатта ресми түрде танылған халықаралық көрмелерге анықтамалар беріледі. Сонымен қатар, көрмелер жіктеледі, оның жіктелуіне қарай көрмелердің ұзақтығы, оларды өткізу жиілігі, сонымен қатар, халықаралық көрмелерді ұйымдастыру тәртібі реттеледі. Аталмыш конвенцияға әртүрлі жылдары өзгерістер мен түзетулер енгізіліп отырған. Ал оған қатысушы Тараптар 1972 жылдың қарашасындағы Хаттамамен Конвенцияның қазіргі заманғы жағдайларға бейімделген жаңа мәтінін қабылдаған болатын. Конвенцияның жаңа мәтініне сәйкес, халықаралық көрмелер әмбебап және мамандандырылған деп бөлінеді. Көрмелердің ұзақтығы алты айдан аспауы тиіс. Соған орай, Конвенцияда көрмені ұйымдастырушыны айқындау тәртібі, тіркелген көрмелерді ұйымдастырушылардың және оған қатысушы елдердің міндеттемелері белгіленеді. Мәжіліс Конвенцияны оң бағалап, құжатты мақұлдады.

Соңғы жаңалықтар