Халықаралық лаңкестік әлемдік тұрақтылыққа тікелей қауіп төндіреді

ССЕЛЬ. 5 мамыр. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Халықаралық лаңкестік бұрынғысынша бүкіл әлем бойынша қауіпсіздік пен тұрақтылыққа тікелей қауіп төндіріп отыр.
None
None

НАТО Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен Брюссельде өткен брифингте осындай мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, осыдан 10 жыл бұрын НАТО Вашингтон келісімшартының 5-бабын қолданып, бұрын-соңды болмаған шешім қабылдаған еді - 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік оқиғаларды Солтүстікатлантикалық альянсқа мүше барлық елдерге жасалған шабуыл ретінде қабылданған болатын.

«Ағымдағы аптада Құрама Штаттар НАТО бойынша одақтастары мен жаһандық лаңкестікпен күреске қосылған басқа да халықтардың қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету ісінде айтулы жетістікке қол жеткізді. Мен Барак Обаманы және 11 қыркүйектегі және басқа да лаңкестік әрекеттер кезінде қаза тапқан мыңдаған бейкүнә адамдардың өліміне тікелей жауапты - «Әл-Кайеда» жетекшісіне қарсы жүргізілген операцияға қатысушыларды құттықтадым», - деп атап көрсетті А.Расмуссен өз сөзінде.

А.Расмуссеннің айтуынша, НАТО-ның лаңкестікпен күресуді жалғастыруға деген талпынысы альянстың Ауғанстандағы миссиясының басын біріктіріп отыр. «Біз алған бағытымыздан қайтпаймыз. Халықаралық лаңкестік бұрынғысынша біздің халықтарымыздың қауіпсіздігіне және әлем елдерінің тұрақтылығына тікелей қауіп төндіріп отыр»,- деді ол.

НАТО-ның Ауғанстанға келуіне себеп болған «№1 лаңкестің» көзі жойылғанына қарамастан, Альянстың Ауғанстандағы стратегиясы өзгермейді. «НАТО елдері мен оның серіктестері, Ауғанстан бұдан былай ешқашан экстремизмнің ошағына айналмай, бейбіт жағдайда дамуы үшін, елдегі миссиясын жалғастыра бермек», - деп атап көрсетті А.Расмуссен.

Соңғы жаңалықтар