Халықаралық мектеп оқушылары Астанада өз жұмыстарын ұсынады
АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Сәуірде қаладағы «Құланшы» арт-орталығында балалар шығармашылығы көрмесі жұмысын бастайды. Экспозицияда «Нұр Орда» халықаралық мектебі оқушыларының жұмыстары қойылады.
«Аталған көрме жыл сайын өтуде. Келушілер 5 пен 15 жас аралығындағы балалар қолынан шыққан өнер туындыларының үздіктерін көре алады. Жұмыстар түрлі техникада керамика, тоқыма, кенеп, пластелин, мүсін, коллаж, кескіндеме, тағы басқа да әртүрлі материалдарды пайдаланып орындалған», - деп мәлім етті astana.kz сайтына арт-орталықтан.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, туындылардың тақырыптары өте кең. Атап айтқанда: қазақтың ұлттық мәдениеті, еліміздің әсем табиғаты автордың ішкі әлемімен астасып, тұтас шығарманың әрін беріп тұр.
Көрменің ашылуы 11 сәуірде 17.00-де Бейбітшілік және келісім сарайының «Құланшы» арт-орталығында өтеді.