Халықаралық мешіт күні белгіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ислам конференциясы ұйымы 21 тамызды палестиналықтардың бейбітшілігі мен Халықаралық мешіт күні деп жариялады.
None
None

Бұл шешім 1969 жылы 21 тамызда Палестинада әл-Ақса мешітінің өртеліп жіберуіне байланысты қабылданып отыр. Дәл осы күні қасиетті құлшылық мекенінің Харам әл-Шариф деп аталатын оңтүстік-шығыс бөлігі қиратылған еді. Қызыл жалын ағаш діңі мен піл сүйегінен жасалған мың жылдық тарихы бар мұнараны құлатты.

Осы оқиғадан соң әлемнің 24 ислам елі БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінен бұндай бассыздықты тоқтатуды сұраған болатын, деп хабарланған «Нұр Астана» орталық мешітінің ресми сайтында.

Соңғы жаңалықтар