Халықаралық Олимпиада комитетінің бағалау комиссиясы 14-18 ақпанда Алматыға келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) бағалау комиссиясы 14-18 ақпанда Алматыға келеді, одан кейін 24-28 наурызда Бейжіңге аттанады.

Халықаралық Олимпиада комитетінің бағалау комиссиясы 14-18 ақпанда Алматыға келеді

Екі қаланың өкілдері маусым айында Лозаннада ХОК алдында баяндама жасайды, кейін ХОК-тың атқарушы комитеті 31 шілдеде Куала-Лумпурда ұйым сессиясында 2022 жылғы спорттық дүбірлі доданы өткізуге үміткер қалалар ішінен жеңімпазды анықтайды, деп хабарлады sports.kz. Қытай Олимпиада комитетінің өкілдері Халықаралық Олимпиада комитетіне 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге қатысты қаржылық және құрылыстық кепілдіктерімен таныстырды. Сәл кейінірек жарысты өткізуге үміткер қазақстандық қала - Алматы аталмыш комитет назарына өз кепілдіктерін ұсынады.