Халықаралық олимпиадада ең мықтылар бақ сынауда - Қырғызстаннан келген қатысушы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өтіп жатқан Информатикадан халықаралық олимпиада əлемдегі кіл мықтылардың басын қосты. Қырғыз Республикасынан келген қатысушы Қадырбек Нармаматов "ҚазАқпарат" тілшісіне білім байқауы туралы ойын жеткізді.

Халықаралық олимпиадада ең мықтылар бақ сынауда - Қырғызстаннан келген қатысушы

"Сайыс оңай болмайтыны анық. Жаттығу тапсырмаларының өзі оңай шағылатын жаңғақ болмады. Қарсыластарымыз да оңай алынатын қамал емес. Қазір бірдеңе айту қиын. Ертеңгі күн бəрін көрсетеді", -деді К.Нармаматов.

Қатысушы қиын болса да жүлдесіз кетпеуді діттеп отыр.

"Мен үшін Олимпиаданың маңызы өте зор. Біз тек қана білімімізді сынамаймыз. Мұнда көптеген білімді адамдармен танысып, тəжірибе алмасарымыз анық",- деді қатысушы.

Алматыда басталған халықаралық олимпиадаға 86 елден 630 делегат келді. Халықаралық байқау əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтеді. Ашылу салтанаты бүгін 15.00-де Ө.Жолдасбеков атындағы оқушылар сарайында болады.