Халықаралық олимпиадалық комитет Олимпиада үшін спорттың екі жаңа түрін таңдайды

АСТАНА.  Тамыздың  13-і. ҚазАқпарат - Бүгін Халықаралық олимпиадалық комитет 7 спорт түрінің ішінен  2016  жылғы  жазғы Олимпиада ойындарының   бағдарламасына кіретін   екі   спорт түрін таңдайды, 

Халықаралық олимпиадалық комитет  Олимпиада  үшін   спорттың екі  жаңа түрін таңдайды

деп   хабарлайды   ВВС телекомпаниясының Орыс  қызметі.

2016 жылғы  Ойындардың бағдарламасына кіруден гольф,  сквош,  бейсбол,   софтбол,  каратэ,    ролик спорты  және регби сияқты спорт  түрлері  үміткер.  Халықаралық олимпиадалық комитет  бүгінгі   мәжілісте сондай-ақ,   2012   жылы Лондонда өтетін   Олимпиада бағдарламасына  әйелдер боксын   енгізу  туралы шешімін де     қуаттайды  деп күтілуде.