Халықаралық пән олимпиадаларының тәрбиелік мәні зор - маман

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Халықаралық пән олимпиадаларының тәрбиелік мәні зор. Мұндай пікірді өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингкте математикадан халықаралық олимпиаданың (IMO) жетекшісі Владимир Жук айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Математикадан халықаралық олимпиаданың (IMO) жетекшісі Владимир Жук олимпиаданың тәрбиелік мәні зор деп есептейді.

«Математикалық олимпиадалардың үлкен тарихы бар, бірінші олимпиада 19 ғасырдың аяғында Австро-Венгрияда өтті. Халықаралық математикалық олимпиада 60 жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келеді. Соңғы уақытта Алматыда оларға дайындық деңгейі артты. 20 жыл бұрын алматылықтар нөлге жақын ұпай жинаса, қазір жеңімпаз атанып жатыр», - деді жетекші.

Владимир Жук олимпиадаларға қатысатын алматылық білім алушылар көбінесе Қазақстанның және шет елдердің танымал жоғары оқу орындарына түсетінін атап өтті.

Брифингке қатысушы халықаралық математика олимпиадасының (ІМО) қола жүлдегері Юрий Тен өзінің білімінің нәтижесінде ерте жастан американдық университетке оқуға түсуге мүмкіндік алды.

«Басқа елдердің оқушыларымен бәсекелесу өте қызықты, маған математикадан есептерді шешу өте ұнайды, өйткені оларды әртүрлі елдердің үздік жетекшілері құрастырады. Әдетте, барлық тапсырмалар күрделігіне қарай тәртіппен жүреді. Үшінші категорияны шешу ең қызықты, олар креативті болады. Олимпиадаларда мен жауапкершілікті сезінемін, өйткені мен өз елімді, Қазақстанды таныстырамын», - деп бөлісті Юрий Тен.

Ал, биология пәні бойынша Халықаралық Олимпиаданың қола жүлдегері Бақдәулет Ерназаров журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, жаттықтырушы мен мұғалімдерге дайындықтары үшін алғысын білдірді.

Оқушы биологияны 7-ші сыныптан бастап терең зерттей бастаған, оған барлық нақты ғылымдар әрқашан оңай берілді. Бүгінде ол жаңа олимпиадаларға дайындығын жалғастыруда.

Соңғы жаңалықтар