Халықаралық пойыздарға 55% жеңілдік беріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы тікелей халықаралық бағыттар бойынша 2017 жылғы 19 қарашадан бастап сатылымға шығарылатын билеттерге жеңілдіктер қарастырылған. Бұл жеңілдіктер 2018 жылдың 2 қаңтары мен 28 желтоқсаны аралығында жүретін пойыздарға жүреді.
None
None

Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі хабарлайды.

Купе және ұйықтайтын вагондарға жолаушы:

55% - жол жүру құжатын пойыз жүретін уақытқа дейінгі 45-41 тәулік ішінде сатып алса;

45% - жол жүру құжатын пойыз жүретін уақытқа дейінгі 40-31 тәулік ішінде сатып алса;

35% - жол жүру құжатын пойыз жүретін уақытқа дейінгі 30-4 тәулік ішінде сатып алса;

25% - жол жүру құжатын пойыз жүретін уақытқа дейінгі 3-0 тәулік ішінде сатып алса.

Плацкарт вагондарға:

45% - жол жүру құжатын пойыз жүретін уақытқа дейінгі 45-41 тәулік ішінде сатып алса;

35% - жол жүру құжатын пойыз жүретін уақытқа дейінгі 40-31 тәулік ішінде сатып алса;

25% - жол жүру құжатын пойыз жүретін уақытқа дейінгі 30-4 тәулік ішінде сатып алса;

15% - жол жүру құжатын пойыз жүретін уақытқа дейінгі 3-0 тәулік ішінде сатып алса.

Сондай-ақ 2017 жылғы 19 қарашадан сатылымға шығарылатын, «Рохи охани Точикистон» (Тәжікстан) МУК-ның 2018 жылдың 2 қаңтары мен 28 желтоқсаны аралығында жүретін пойыздарының билеттеріне келесі жеңілдіктер қарастырылған:

58% жол жүру құжатын пойыз жүретін уақытқа дейінгі 45-31 тәулік ішінде сатып алса;

52% жол жүру құжатын пойыз жүретін уақытқа дейінгі 30-21 тәулік ішінде сатып алса;

46% жол жүру құжатын пойыз жүретін уақытқа дейінгі 20-4 тәулік ішінде сатып алса.

Соңғы жаңалықтар