Халықаралық резервтер қыркүйекте 2,1 млрд долларға төмендеді – Ұлттық банк

АСТАНА. ҚазАқпарат – Халықаралық резервтер қыркүйекте 2,1 млрд долларға төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық резервтер қыркүйекте 2,1 млрд долларға төмендеді – Ұлттық банк

«Жалпы халықаралық резервтер қыркүйек айында 2,1 млрд долларға төмендеп, 84,4 млрд долларды құрады. Ақпан-наурыз айларында интервенциялар жүргізу, мемлекеттік борышты төлеу, сондай-ақ алтын бағасының төмендеуі аясында жыл басынан бері алтын-валюта активтерінің 1,6 млрд долларға төмендеуіне қарамастан алтын-валюта активтерінің деңгейі жеткілікті және импорттың шамамен 7,3 айын жабуға мүмкіндік береді», – деді Ұлттық банк төрағасы.

Оның дерегінше, республикалық бюджетке 3,7 трлн теңге сомасына трансферттер бөлу үшін жыл басынан бастап 3,4 млрд долларға валюталық активтер сатылды.

«Дамыған елдердің орталық банктерінің ақша-кредит саясатын күшейту жөніндегі риторикасы аясында облигациялар мен акция нарықтары жыл басынан бері құлдырағанын көрсетті. Бұл қыркүйек айында Ұлттық қор активтерінің төмендеуіне әсер етті», - деді Ғалымжан Пірматов.



Видеодн алынғын кадр