Халықаралық садақ ату федерациясы турнирді қашықтан өткізетін болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мамыр айында коронавирус пандемиясының салдарынан жарыстардың тоқтатылуына байланысты Халықаралық садақ ату федерациясы турнирді қашықтан өткізетін болды, деп хабарлайды Olympic.kz ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықаралық садақ ату федерациясы турнирді қашықтан өткізетін болды

«Бірінші турнирге төрт ер және төрт әйел спортшы қатысуға шақырту алады. Іріктеу кезеңі 1 мамыр күні басталып, 9-17 мамыр күндері ойын өтеді. Жарыс жеңімпазына 1000 швейцариялық франк, ал жүлдегерге 500 швейцариялық франк беріледі. Жарыс мобильді телефоннан тікелей эфирде түсіріліп, федерацияның YouTube каналы пен Facebook парақшаларында тікелей эфирде трансляция жасалады. COVID-19 індетіне байланысты халықаралық федерация күнтізбесіндегі барлық жарыстар тоқтатылды. Қазіргі жағдайға қатысты садақ атудан физикалық тұрғыда шілдеге дейін ешқандай турнир болмайды», - делінген World Archery хатында.